Год рабочих профессий

«Мамандыққа алғашқы қадам»: «Мақсат» колледжінде бірінші курс студенттерін қабылдау рәсімі өтті

“Мақсат” Орал жоғары медициналық колледжінде дәстүрлі
“ Мамандыққа алғашқы қадам»” атты салтанатты 1 курсқа студенттерді қабылдау шарасы өтті.
Биылғы оқу жылында колледждің үлкен отбасы 405 жаңа білім алушымен толықты.
✨ Іс-шара барысында бірінші курс студенттері Гиппократ антын қабылдап, ақ халат кию рәсімінен өтіп, өздерінің алғашқы сынақ кітапшаларын алды. Бұл сәт – олардың медицина саласындағы үлкен жолының бастауы болды.
? Шарада колледж басшылығы мен оқытушылар құрамы жас мамандық иелеріне жылы лебіздерін білдіріп, білім мен еңбектегі табыс тіледі.
✅ Барлық бірінші курс білім алушыларына сәттілік, мол шабыт және биік жетістіктер тілейміз!
Мамандықтарыңыз абыройлы, жолдарыңыз ашық болсын!