Год рабочих профессий

“Өндірістік тәжірибе алдындағы дайындық: әдеп, тәртіп және жауапкершілік” тақырыбында “Мақсат” Орал жоғары медициналық колледжінде” өндірістік тәжірибеге шығатын студенттерге арналған нұсқаулық жиналыс өткізілді.

Жиынды директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары А. С. Рыскалиева жүргізді. Жиналыс барысында 2–3 курс студенттеріне өндірістік тәжірибеге шығу тәртібі, медициналық ұйымдардағы кәсіби этика, ішкі тәртіп ережелері, науқастармен жұмыс кезіндегі жауапкершілік, құжаттарды дұрыс толтыру және қауіпсіздік талаптары бойынша толыққанды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге студенттердің тәжірибе кезіндегі өзін-өзі ұстау мәдениеті, жұмыс орнындағы талаптарды сақтау, жетекші мамандардың тапсырмаларын орындау, пациент құпиясын сақтау және кәсіби әдеп нормаларын сақтау маңыздылығы атап өтілді. Жиын соңында студенттер өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Өндірістік тәжірибеге шығатын барлық білім алушыларға сәттілік тілейміз!