11 сәуір күні сенбілік аясында колледж аумағын көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылды.
14.04.2026
11 сәуір күні сенбілік аясында колледж аумағын көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылды. Іс-шараға МС-01 және МС-03 топтарының студенттері белсене қатысты. Сенбілік барысында аумақ тазартылып, қоқыстар жиналды, ағаштар мен гүлдер отырғызылып, қоршаған ортаны көркейту жұмыстары жүргізілді. Студенттер бірлесе еңбек етіп, ұйымшылдық пен жауапкершілік танытты. Мұндай шаралар жастарды еңбекқорлыққа, табиғатты аялауға және қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелейді.




