Облыстық кәсіби бағдар берушілер форумы – 2025 ж.
29.09.2025
Күні: 26 қыркүйек
Өткізілген орны: №52 жалпы орта білім беретін мектеп
2025 жылғы 26 қыркүйекте №52 жалпы орта білім беретін мектеп базасында алғаш рет «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен облыстық кәсіби бағдар берушілер форумы өткізілді.
- Форум барысында қатысушыларға кәсіби бағдар беру бойынша теориялық және практикалық бөлімдер ұсынылды.
- Оқушылар түрлі колледж мамандықтарымен танысып, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт алды.
- Әсіресе, медициналық мамандықтарға қызығушылық танытқан оқушылар бұлшықетке инъекция салу әдісін тәжірибеде жасап үйренді.
Іс-шараға 210-нан астам қатысушы қатысты.






