Жағымды атмосфера – табысты ұжым кепілі
Бүгін колледжімізде БҚО «Облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығы» КММ мамандарының қатысуымен колледж ұжымы қызметкерлеріне арналған психологиялық тренинг өткізілді. Атап айтқанда, ОӘПҚО директоры Искакова Альфия Максутовна, ОӘПҚО педагог-психологі Жұмағазиева Айымгуль Юрийқызы және масс-медиа маманы Үмбет Мирас Жұлдызбекұлы ұжыммен бірлесіп жұмыс жүргізді.
Тренингтің негізгі мақсаты – колледж ұжымында жағымды психологиялық атмосфера қалыптастыру, әріптестер арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту, эмоционалдық тұрақтылықты арттыру болды. Іс-шара барысында қатысушылар түрлі психологиялық жаттығуларға қатысып, командалық жұмыс, тиімді қарым-қатынас орнату және кәсіби күйзелістің алдын алу жолдары бойынша пайдалы ақпарат алды.
Тренинг жылы әрі еркін атмосферада өтіп, қатысушылар жоғары белсенділік танытты. Мұндай іс-шаралар ұжымның бірлігін күшейтіп, қызметкерлердің кәсіби мотивациясын арттыруға оң ықпал ететіні сөзсіз.


