Болашақ мамандыққа бағыт: №43 мектепте кәсіби бағдар беру кездесуі өтті

07.11.2025

5 қараша күні №43 жалпы орта білім беретін мектепте кәсіби бағдар беру шарасы өтті.
Шараға «Мақсат» Орал жоғары медициналық колледжінің мамандары қатысты.
Шараның мақсаты – мектеп оқушыларына болашақ мамандықты таңдау алгоритмі мен өңірде сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру.
Іс-шара барысында колледж туралы мәлімет беріліп, ақпараттық парақшалар таратылды.