«Туы биік – туған елім» атты тәрбие сағаттары
2025 жылдың 25 қазан күні Мақсат Орал жоғары медициналық колледжінде Республика күніне орай «Туы биік – туған елім» атты топтар арасындағы тәрбие сағаттары өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, еліміздің тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу, ұлттық рәміздерге деген құрмет сезімін арттыру болды.
Тәрбие сағаттары барысында студенттер Республика тарихы, мемлекеттік рәміздер және еліміздің жетістіктері туралы мазмұнды пікірлер білдіріп, патриоттық әндер орындады. Сонымен қатар, «Республикам менің» атты сурет акциясы ұйымдастырылып, студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әр суретте туған жерге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі көрініс тапты.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті, тәрбиелік мәні зор болды және жастардың елге, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін арттырды.




